Олег Серов есімді ұшқыш өз басынан өткен экстемалды оқиғаларын айтып берді, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Оқиға КСРО дәуірі кезінде болған, ұшқыш Камчаткадан жанартау атқылаған кезде ұшып кету керек болған. Оның айтуынша, Петропавловск-Камчатский - Ленинград (Санкт-Петербург) рейсі елдегі ең ұзақ сапар болатын, бірінші қону Магаданға тоқтайтын болған.
"Сол кезде дереу Камчаткадан қашу керек болды. Біз ұшамыз дегенше, жанартаудың көлеңкесінде қалып қойдық... Жалғасқанатшаларды жаптық, көлеңкеден шықтық, осы кезде кенеттен төмен қарай құлдиладық - шамамен 200 метрдей түсіп кеттік. Сосын біресе жоғары біресе төмен лақтыра бастады. Көз алдымда тек аспап тақтасы ойнақтап тұр. Сосын қолым ауырғаны есімді. Жолаушылар әбден қорықты...", - дейді Серов.
Ұшқыштың айтуынша, мұндай эмоцияны өмірінде сезіп көрмеген және ешкімнің басына салмасын деп тіледі.