Жер-жаһан 12 желтоқсан 2021 16:49

Ұшқыш ұшақтағы ең қауіпсіз орындарды атады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Ұшқыш ұшақтағы ең қауіпсіз және турбулентті кезең барынша жеңіл өтетін орындар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.


Ұшқыш ұшақтағы ең қауіпсіз және турбулентті кезең барынша жеңіл өтетін орындар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Ұшқыш Андреас Стобердің айтуынша, лайнер турбулентті аймаққа түскен кезде көп жолаушы қатты қобалжиды, бірақ ұшақтың қанаты жағында отырғандарға бұл аз сезіледі.

"Ұшақ әткеншекке ұқсайды, ортасында шайқалу аз болады - қанаттар орналасқан жерде", - деп түсіндіреді ұшқыш. 

"Ұшақ турбулентті аймаққа түскенде, ұшақ түзу және тегіс ұшуы үшін оның артқы жағы тепе-теңдікті ұстауы керек".

Статистика ең қауіпсіз орындықтар кабинаның соңында екенін көрсетеді. Апат болған жағдайда ұшақ соңында отырып, аман қалғандар саны көбірек. Сол себепті де "қара жәшіктер" ұшақтың құйрығында орнатылады.

Стобердің өзі жұмыс уақытынан тыс уақытта терезе жанындағы орынды таңдайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!