Белгісіз ұшқыш ұшақ бортындағы асхананың тазалығы жайында жағымсыз деректі және әріптестерінің жұмысы туралы айтты, - деп хабарлайды Daily Express.
Reddit порталында moaningpilot никнейммен тіркелген қолданушы бірде экипаж мүшесі суып қалған кофені унитазға төккенін және су ағызу шүртпесін шәйнектің ұшымен басқанын айтты. Осыдан кейін бортсерік қайтадан кофе қайнатып, сол шәйнекпен жолаушыларға ыстық сусын құйып берген.
Автордың айтуынша, ұшақ бортында кофе мен шәй тазартылмаған сумен әзірленеді екен. Сол себепті бортсеріктер ешқашан одан ішпейді, тек бөтелкедегі сусын болмаса.
Басылым мәліметінше, Қоршаған ортаны қорғау агенттігі жүргізген зерттеу бойынша, әрбір сегізінші ұшақ суқыбыры ағатын су сапасының қауіпсіздігі стандарттарына сәйкес емес екен. АҚШ-та коммерциялық әуе кемелерінің 12 пайызында су құрамында жоғарғы деңгейлі бактериялар бар екен.