Ұшқыш жолаушыға ұшудан қорқуды жеңудің жолдарын айтты. Бұл туралы ер адам "Яндекс.Зен" платформасындағы жеке блогында жазды, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.
Ең алдымен, әуе кемесінің командирі сапар алдында күйзелістен аулақ болуды және мүмкіндігінше ыңғайлы болу үшін ұшуға дайындалуды ұсынды. Ол жолаушыларға қозғалысқа кедергі келтірмейтін киім киюді, сөмкені дұрыс жинауды және ешқашан тыныштандыратын дәрілерді ішпеуге кеңес берді, өйткені төтенше жағдайда ол керісінше зиян тигізеді.
Сондай-ақ, мақала авторы қозғалтқышты қосқан кезде пайда болатын қатты шуылдан қорықпауға шақырды. Оның айтуынша, бұл - тек бір гидрожүйеден екіншісіне қысым беретін қондырғы.
"Ұмытпаңыз, бортсеріктер бұл дыбыстарды жүздеген және мыңдаған рет естіді және олар ұшақ үшін қалыпсыз дыбыстар болса, бірден байқайды", - деп сендірді ұшқыш.
Сонымен қатар, ұшқыш ұшу кезінде жиі пайда болатын және жолаушыларды қорқытатын жоғары-төмен ұшудың әсерін түсіндірді. Оның айтуынша, ұшқыштар қозғалтқыштардың шуын азайту үшін ұшақтың бұрышын жиі өзгертеді.