Ұшқыш әуедегі кептеліс қалай болатынын көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадрлары Видео кадрлары

Желіде Александр Небылица есімді ұшқыштың видеосы таралып жатыр. Онда аспандағы ұшақтардың кептелісі қандай болатыны көрсетілген. Ұшқыштың TikTok-тағы парақшасында жарияланған видеосы 1,2 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде Александр Небылица есімді ұшқыштың видеосы таралып жатыр. Онда аспандағы ұшақтардың кептелісі қандай болатыны көрсетілген. Ұшқыштың TikTok-тағы парақшасында жарияланған видеосы 1,2 миллионнан аса қаралым жинаған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Видеода Александр Небылица өзі басқарған ұшақтың әуежайдағы күту аймағында қалықтап жүргенін түсірген. Кейін ұшақ біртіндеп төмендеп барып, әуеайлағына қонады. Ұшқыштың сөзінше, ұшақ неғұрлым төмен қалықтап келе жатса, соғұрлым қонуға жақын екенін білдіреді.

"Бізге шамамен қанша уақыт күту керек екені хабарланады. Міне, осы ұшақтардан кейін қонуға рұқсат алдық", - дейді Александр өз ролигінде.

@nebilicaa #пилот #авиация #самолет #пробка #посадка #небылица ♬ เสียงต้นฉบับ - 𝑫𝑱 𝑵𝑼`𝑅𝐸𝑀𝐼𝑿 - ♚ 𝘿𝙟.𝙉𝙐`𝙍𝙀𝙈𝙄𝙓 ×͜×🇹🇭

Желі оқырмандары видеоға пікір қалдырып, басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кейбіреулері мұндай кептелістерге қалай тап болғанын айтып берсе, басқалары, әзілдеп жатты. Арасында таңғалып жатқандар да болды.

"Есімде, ұшып келеміз, бір уақытта әуежай жабылды деп хабар келді. Біз қаланың үстінде қалықтап жүрдік. Бір кезде менімен қоса басқа да жолаушылардың қан қысымы көтеріліп кетті. Барлығы пакет ұстап отыруға мәжбүр болды. Сосын басқа әуежайға қонып, сол жерде 30 минут аялдап, қалаға қайта ұшып келдік", "Осылай күтпеу үшін, басқа ұшаққа ауыса аласыз)", "Неге 2 күнге кешігіп келдіңіз? - Ұшақ кептелісінде тұрып қалып едім", "Аспанда кептеліс болады дегенді бұрын-соңды естімеппін", "Стюардесса болып жұмыс істедім, әсіресе Лондонда ұзақ уақыт өз кезегіңізді күтесіз. Егер борт кішкентай болса, ал сіздің алдыңызда үлкен лайнер қонатын болса, ұзағырақ күтесіз", - деп жазды желі қолданушылары.

Аспандағы кептеліс - бір әуеайлағына қону немесе ұшу кезегін күткен ұшақтардың бір аймақта топтасуы. Кептелістер ауа райы, техникалық мәселелер, жолаушылар санының артуы тәрізді әртүрлі факторларға байланысты болуы мүмкін.

Әуе қозғалысын бақылайтын Flightradar24 сайтының деректеріне сәйкес, әлемнің кейбір аймағында аспандағы кептелістер жиі болып тұрады екен. Мысалы, Лондон, Париж, Нью-Йорк және осы сияқты басқа ірі қалаларда әуежайдың қону жолағының босағанын күтіп, қалықтап жүрген ұшақтарды көруге болады. Соқтығысудың алдын алу үшін және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әуе қозғалысын реттейтін арнайы ережелер мен процедуралар бар. Олар әуедегі қозғалысты реттейді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная