Мамандығы туралы роликтердің арқасында желіде танымал болған ұшқыш ұшақ апат жағдайда қонғанда өмірді сақтап қалу үшін қалай дұрыс отыру керегін көрсетті. Ол TikTok аккаунтында видео жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Оның айтуынша, әуе кемесі шұғыл қонған жағдайда алға қарай еңкейіп, басын қолмен мықтап ұстау керек. Бұл жағдайда ер адам тік отырмауға және аяғымен алдыңғы орындыққа сүйенбеуге шақырды.
"Көліктен айырмашылығы - денені орындыққа қысып ұстайтын белдік жоқ", - деп түсіндірді ол.
Әйтпесе, ұшақтың кенеттен тежелуі немесе жермен соқтығысуы кезінде аяқты сындырып алуға болатынын ескертті.
Блогер-пилот ұшақ апат жағдайында қонғанда қауіпсіздік белдігін барынша қатайту және әуе кемесі экипажының нұсқауларын әрдайым орындау қажеттігін еске салды.
"Әрине, былай отырғанда жүз пайыздық қауіпсіздікке кепілдік бере алмаймыз. Бірақ тәуекелдерді азайту үшін тырысуға болады", - деп түйіндеді видео авторы.
@pilot_blog NEVER DO it on Airplane #Pilot #Reaction #emergency #Airplane
♬ original sound - Pilot_Blog
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!