Ұшақта ноутбук түтіндеп, бортсеріктер ауруханаға жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық сурет: Life.ru Иллюстрациялық сурет: Life.ru

АҚШ-та ұшақ бортында ноутбук өртенді. Түтінге уланған бортсеріктер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-та ұшақ бортында ноутбук өртенді. Түтінге уланған бортсеріктер ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

CBS мәліметінше, 8 ақпанда United Airlines ұшағының жолаушыларының бірі Сан-Диегодан Ньюарк қаласына ұшу кезінде бортқа өзімен бірге ноутбук алып кірген. Ұшақ әуеге көтерілген сәтте гаджет салынған сөмке түтіндей бастаған. Ер адам оны еденге лақтырған, осы кезде басқа жолаушылар жапа-тармағай ұшақтың артқы бөлігіне қашқан.

Бортсеріктер өртті өрт сөндіргіш құралмен сөндіруге асығып, алайда өздері уланған. Экипаж мүшелері ноутбукты өртке қарсы қапқа салып, өрттің таралуын тоқтатқан. Өрттің неден шыққаны белгісіз, алайда жолаушыларға ұшақ бортына литий батарейкасы бар құрылғыларды алып кіруге болмайтыны ескертілді.

"Біз экипаж мүелерін дереу әрекет етіп, борттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткені үшін алғыс айтамыз", - деді United Airlines өкілдері.

Ұшақ әуежайға ұшып шыққаннан кейін 11 минуттан соң қайта оралған.

"Ұшақ Сан-Диего халықаралық әуежайын сәтті қонды. Дереу апатты жағдайда әрекет ететін бригада оқиға орнына жетіп, жолаушыларға көмек көрсеткен", - деді әуежай басшысы Daily Mail басылымына берген сұхбатында.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная