Ұшақта нәрестемен қатар отырып қалмау үшін не істеу керегі айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ұшақта жылаған баламен қатар отырып қалсаңыз жүйкеңіз жұқарары сөзсіз. Тәжірибелі саяхатшылар мұндайдан өзіңізді сақтандырудың тәсілдері барын айтып отыр, - деп хабарлайды "Турпром" сайты The Sun таблоидына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшақта жылаған баламен қатар отырып қалсаңыз жүйкеңіз жұқарары сөзсіз. Тәжірибелі саяхатшылар мұндайдан өзіңізді сақтандырудың тәсілдері барын айтып отыр, - деп хабарлайды "Турпром" сайты The Sun таблоидына сілтеме жасап.

Ұшақта орын брондау кезінде апаттық шығу жолына жақын орындарды таңдау керек екен, міне ереже бойынша балаларды ол жерге ешқашан жолатпайды. "Артыңызда өтетін қатар орналасқан орынды таңдаңыз, әрине орындығыңызды шалқайта алмайсыз, есесіне маңайыңызда кішкентай бала болмайды", - дейді сарапшылар.

Содан кейін ұшақтағы санаттар түйісетін артқы қатарда да балалрмен жолаушылар болмайды екен. Алайда бұл орындарда да орындығыңыз шалқаймайды. Бұл ұшақтағы орындарға байланысты.

Шетелдік танымал әнші әуерейсте ұзақ уақыт бойы жылаған баланы видеоға түсірді

Бұдан бөлек сарапшылар түнде ұшуға кеңес береді, өйткені отбасымен саяхаттаушылар мазасыз балалармен түнде жүргенді қаламайды. Оған қоса құлаққап киіп алсаңыз болады немесе орынды бірінші санаттан алыңыз.

Қазіргі таңда кейбір әуе компаниялары жолаушыларды балалармен көршілес отырып қалуының алдын алатын қызмететрді ойлап тапқан. Мәселен, Japan Airlines балалар отырған орындар белгіленген картаны жасап шығарды. Соған қарап туристер өздеріне балалардан алшақтау орын таңдай алады. Ал малайзиялық AirAsia он жастан асқан жолаушылар ғана отыра алатын "тыныш аумақ" қызметін ұсынған. Сингапурлық Scoot Airlines лоукостері ұшақтың алдыңғы бөлігіне 12 жасқа толмаған баланы отырғызуға тыйым салатын ереже шығарған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная