Ұшақта жігіт таныс қызына әзілдеп үйлену туралы ұсыныс жасағаннан кейін бортсеріктер тегін ішімдіктер ұсынған. Сондай-ақ, оған және қызына ұшқыш пен экипаж мүшелері серенада орындап бергені туралы жігіт әлеуметтік желіде жазды, - деп хабарлайды Mirror.
Роман Ромеро есімді жігіт Лиза есімді таныс қызына жалған үйлену туралы ұсыныс жасаған. Алайда олар тек жақсы таныс болған, ешқандай да романтикалық байланыста болмаған. Соған қарамастан бортсеріктер жігіттің әрекетіне сеніп, "жас жұбайларды" құттықтаған. Үйлену туралы ұсыныстың видеосы Tik-tok желісінде жарияланып, 20 миллионға жуық қаралым жинап, 5,6 миллион лайк басылып, жүз мыңға жуық пікір жинаған.
"Сен мен білетін ең әдемі қызсың! Ішкі және сыртқы сұлулығың қатар үйлескен. Мен сенімен қалған өмірімді бірге сүргім келеді. Лиза, маған тұрмысқа шығасың ба?", - дейді Ромеро. Қыз болса күле отырып, "иә" деп жауап береді. Осыдан кейін ұшақтағы жолаушылардың көпшілігі шапалақтап, құттықтайды, ал бортсеріктер шампан әкеліп берген.
@romanromero89 One time I faked a proposal to a friend of mine on a long plane ride to get bottomless champagne for free 🤣🍾 #Fyp #Proposal ♬ original sound - Roman Romero