Жолаушылар толы ұшақ салонындағы қою тұман адамдарды дүрліктірді. Оқиғаның видеосы куәгерлердің бірінің TikTok аккаунтында жарияланды. Бұл жағдай 21 шілдеде Францияның Ницца қаласынан Лондонға бет алған ұлыбританиялық EasyJet лоукостерінің бортында болған, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
22 шілде @marram_grass никті желі қоладунушысы жарияланған видео тамыз соңына дейін өте көп қаралып, пікірді молынан жинапты. Видеодан вентиляциядан тұман кіріп, ұшақ төбесіне бұлт болып жиналып қалғанын көруге болады.
@marram_grass On easyjet flight from Nice to Gatwick at 12 AM midnight on July 21 2023
♬ original sound - marram
Желі қолданушыларының бірі бұл түтін десе, өзгелері түтін еместігін айтты, алайда оның нақты не екенін түсіндіре алмады. Осылайша, компания өкілдері мән-жайды өздері түсіндірді: "ұшақта кондиционерлік жүйе сырттан келген жылы ауаны суытқанын осылай көруге болады. Бұл борттағы ешбір адам үшін қауіпті емес екенін мәлімдейміз".
Сарапшылар мұндай құбылыс ыстық және ылғалды күні кондиционерлік жүйе үшін қалыпты жағдай екенін айтады. Ұшу қауіпсіздігі бойынша ұлттық кеңестің бұрынғы қызметкері Алан Юрманның сөзінше, кондиционерлік жүйе қосулы тұрғанда және суық ауа салон температурасына сәйкес келгенде конденсат түзіледі екен.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!