Ұшақ салонында "жаңбыр" жауды - видео

Air India әуекомпаниясының ұшағының салонында ұшу кезінде "жаңбыр" жауды. Осы жәйттің видеосы X әлеуметтік желісінде жарияланды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Гатвик - Амритсар бағытында ұшқан лайнерде күтпеген жағдай тіркелді. Әуекемесінің бортында салон ішін конденсациялау реттегішіне қатысты көп бола бермейтін жағдай болды.

Видеода қолжүгін салатын сөрелерден жолаушыларға су тамшылап тұрғанын байқауға болады.

"Біздің жолаушыларымыздың кейбірі басқа бос орындарға отырды. Жағдайды ескере отырып, экипаж мүшелері жолаушыларға ыңғайлы болу үшін барлық жағдайды жасады", - дейді әуетасымалдаушы өкілдері.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!