Ұшақ қозғалтқышына тиын лақтырған жолаушы рейсті 4 сағатқа кешіктірді

Қытайлық China Southern Airlines әуекомпаниясының жолаушысы ұшақ қозғалтқышына бірнеше тиын лақтырып, рейсті төрт сағатқа кешіктірді, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі CNN сайтына сілтеме жасап.

Бұзақы стюардессаға ұшақ қозғалтқышына 3-5 тиын лақтырғанын мойындаған. Кейін оны әуежай полициясы ұстады.

Әуекомпания өкілі тиындар ұшу алдындағы тексеріс кезінде табылғанын мәлім етті.

Дереккөз ұсынған мәліметтерге сәйкес ұшақ бастапқыда Санья қаласынан Бейжіңге 6 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 10:00 шамасында ұшып кетуі керек болған. Бірақ тек 14:16-да ғана ұшып кеткен көрінеді. Яғни жолаушылар 4 сағат бойы күтуге мәжбүр болды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!