Ұшақ қозғалтқышына құс түсіп, шұғыл қонуға мәжбүр болды

Aer Lingus әуекомпаниясының әуеге көтерілген ұшағы бірнеше минуттан кейін Дублин әуежайына оралды. Себебі оның қозғалтқышына құстар түскен, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Лайнер Чикагоға бағыт алған. Бірақ әуеге көтерілгеннен кейін бірден құстармен соқтығысып, апат жағдайда қонды. Ұшқыштың айтуынша, көгершіндер қозғалтқышқа тиген. Осы кезде салонда болған адамдар қатты дірілді сезінді, бірақ ешкім зардап шеккен жоқ.

Инженерлер кемені тексеріп, жолаушыларды кейінірек басқа ұшақпен межелі жерге жіберу үшін түсірді.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!