Ұшақ жолаушысын бортта қасында отырған қыз сотқа берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

АҚШ азаматы Ньюаркке ұшқан рейсте қасында отырған әйелге қол тигізіп, қамауға алынды. Бұл туралы New York Post жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ азаматы Ньюаркке ұшқан рейсте қасында отырған әйелге қол тигізіп, қамауға алынды. Бұл туралы New York Post жазады, - деп хабарлайды Кaz.tengritravel.kz порталы Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

16 сәуірде 28 жастағы Райан Мануэлл (Ryan Manuella) United Airlines әуекомпаниясымен Денверден Ньюаркқа ұшады. Бортта ер адам бос орынға ауысып, жолаушы қыздың қасына жақындайды. Кейін Мануэлл саяхатшының иығынан және жамбасынан ұстап, сексуалды зорлық жасағысы келген.

Жолаушы қыз бірден айғайлап, бортсеріктерден көмек сұрайды. Экипаж мүшелері оның орнын ауыстырады.

Ұшақ Ньюаркаға қонған кезде Мануэлді полиция ұстады. Жауап алу кезінде ер адам жолаушыға "жыныстық қанағаттану ниетімен" қол тигізгенін мойындады. Америкалыққа екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және 250 мың доллар айыппұл төлеу жазасы кесілуі мүмкін.

Мануэлл өткен жылы да заң бұзған. Ол Невада штатында тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен іздеуде болған.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная