Ұшақ жолаушысы көршісіне шанышқымен шабуылдаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

LIFE видеосынан үзінді LIFE видеосынан үзінді

"Аэрофлот" әуекомпаниясының жолаушысы Бангок - Мәскеу рейсі кезінде металдан жасалған шанышқымен алдында отырған адамға шабуыл жасады. Ол тамақ ішуге кедергі келтірді деп алдында отырған адамға үшкір затты бірнеше жерден сұққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі LifeNews басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

"Аэрофлот" әуекомпаниясының жолаушысы Бангок - Мәскеу рейсі кезінде металдан жасалған шанышқымен алдында отырған адамға шабуыл жасады. Ол тамақ ішуге кедергі келтірді деп алдында отырған адамға үшкір затты бірнеше жерден сұққан, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі LifeNews басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Хабаровск қаласының 35 жастағы тұрғыны Алексей Фурсов орындықтың артындағы тақтайшаны ашып, ұзақ сапар кезінде тамақтанайын деп ойлаған. Алайда алдында отырған ер адам қимылдай беріп, тамақ ішуге кедергі келтірген. Ашуға булыққан Алексей шанышқыны қолына алып, иығына, кеудесіне және арқасына сұққан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LIFE.ru (@lifenews_ru)

Бортсеріктер шанышқыны тартып алған, оның қолын байлап, орындыққа бекітіп тастаған. Ол сол бетте тамағын іше алмаған. Ұшақ Шереметьево әуежайына қонған кезде турист полицейлер қолына тапсырылды.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная