Ұшақ жолаушысы бортсерікті ұрып, тісін түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ұшақ жолаушысы бортсерікке шабуыл жасап, оны ұрды. Оқыс жағдайдың видеосын FOX 5 жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Ұшақ жолаушысы бортсерікке шабуыл жасап, оны ұрды. Оқыс жағдайдың видеосын FOX 5 жариялады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, Southwest Airlines әуекомпаниясының бортында болған оқиға туралы видео пайда болған. Ұшақ 23 мамырда Сакраментодан Сан-Диегоға бағыт алған. Жолаушылардың бірі, 28 жастағы Вивианна Кинонес (Vyvianna Quinonez) бортсерікті жұдырығымен бірнеше рет ұрып, бетін жарақаттаған. Оны борттағы басқа жолаушы - ер адам тоқтатқан.

Төбелесті видеоға түсірген куәгердің айтуынша, бортсерік саяхатшыдан бірнеше рет маска киюін сұраған. Бірақ Кинонес: "Әрі кет"," Маған қол тигізуді доғарыңыз","Қолыңды тарт" деп жауап берген.

Кинонес ұшу кезінде бортсеріктердің нұсқауларын елемегені атап өтілді. Лайнер қонғаннан кейін әйелді полиция ұстады және ауыр дене жарақатын жасады деген күдікпен тергеу изоляторына қамады.

Southwest Airlines компаниясының бортсеріктері кәсіподағының мәліметінше, бортсерік бетінен жарақат алып, екі тісінен айырылды. Қазір ол жергілікті ауруханаға жеткізілген.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная