Ұшақ жолаушыларының орындыққа байланысты төбелесі видеоға түсірілді

АҚШ-та екі жолаушының ұшақта төбелескені видеоға түсірілді. Бұл туралы New York Post жазады, - деп хабарлайды Lenta.ru басылымы.

Оқиға 1 тамызда Жаңа Орлеаннан Остинге ұшатын әуе кемесінде болған. Видеодан алдымен ер адамдар бір-біріне дауыс көтергенін көруге болады, содан кейін бір-біріне қол көтереді.

Олар ұшақ қонғаннан кейін төбелескен. Жанында отырған басқа жолаушылар екеуін тоқтатуға тырысады, бірақ олар тыңдамайды.

Көп ұзамай лайнерге құқық қорғау органдарының қызметкерлері келді. Олар ер адамдарды ұстап алып, ұшақтан шығарды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!