Ресейдің Новосибирск қаласынан Владивостокқа бағыт алған ұшақтың жолаушылары теріс қылық көрсеткен ресейлік қызды жіп және скотчпен байлап тастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы РИА Новостиге сілтеме жасап.
Полицияның мәліметінше, әуе кемесі ұшқаннан кейін 15 минут өткен соң жолаушы қыз орнынан тұрып, сырт киіммен салонда әрі-бері жүрген. Экипаж әйелдің сөзге құлақ аспағанын және ескертулерге жауап бермегенін айтады.
Нәтижесінде бортсеріктер мен басқа жолаушылар тәртіп бұзушыны тоқтатқан. Ұшақ қонғаннан кейін әйел Полицияның кезекші бөліміне жеткізілген және ол ұшу алдында синтетикалық есірткі пайдаланғанын мойындаған.
Жолаушыға қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырылған.