Ұшақ бортында жолаушылар мен полицейлердің төбелесі видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ресейдің Новосібір қаласында ұшақ бортында екі мас жолаушы полиция қызметкерлерімен төбелесті. Осы оқиғаның видеосы "ВКонтакте" желісіндегі "Город Домодедово" парақшасында жарияланды. 


Иконка комментария блок соц сети

Ресейдің Новосібір қаласында ұшақ бортында екі мас жолаушы полиция қызметкерлерімен төбелесті. Осы оқиғаның видеосы "ВКонтакте" желісіндегі "Город Домодедово" парақшасында жарияланды. 

23 ақпанда таңғы уақытта Новосібір - Мәскеу әуерейсінің жолаушылары жанжал шығарды, бұл кезде ұшақ Толмачев атындағы халықаралық әуежайда тұрған. 

Ресейдің көліктегі тергеу комитетіне қарасты Батыс-Сібір тергеу басқармасының сайтында ер адамдарға қатысты "көлік полициясы қызметкерлерін көпшілік алдында қорлау және оларға қатысты күш қолдану" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғаны жазылған. 

Ер адамдар қоғамдық тәртіпті бұзып, жанындағылардың мазасын қашырған, сондықтан экипаж мүшелері тәртіп сақшыларын шақырған. Алайда, олар полицейлердің де талаптарына қарсы келіп, шабуыл жасап, оларды көпшілік алдында қорлаған. Осыдан кейін ол екеуіне кісен салынды. 

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. 

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная