Ұшақ билетін арзан алған ер адам жалғыз жолаушы болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

pixabay.com pixabay.com

Белфастан Фараға ұшқан саяхатшы Jet2 рейсінің жалғыз жолаушысы болып шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Star басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Белфастан Фараға ұшқан саяхатшы Jet2 рейсінің жалғыз жолаушысы болып шықты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Star басылымына сілтеме жасап.

65 жастағы Пол Уилкинсонның айтуынша, ол ұшаққа отырғызу алаңында адамдарды көрмегеніне таңғалады. Жолаушыны қарсы алған бортсеріктер оның VIP жолаушы екенін айтты, өйткені ол арзан билет сатып алғанымен, кездейсоқ бос ұшаққа отырды. Бортсеріктер адамды ұшу кезінде патша деп атады және оның барлық өтінішін орындауға тырысты.

"Бұл менің жеке ұшағыммен ұшу сияқты болды. Біреу маған жеке ұшақтың құны шамамен 28 мың фунт стерлинг екенін айтты. Менің ойымша, мұндай жағдай енді еш қайталанбайды", - деп қорытындылады Уилкинсон.

Жолаушы ұшақта ұнайтын орынды таңдай алғанын, сондай-ақ ұшар алдында ұшқышпен әңгімелескенін атап өтті.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная