Ұшақ әжетханасында оңашаланған жұп полицияға тапсырылды

Ибицаға ұшып бара жатқан EasyJet әуекомпаниясының екі жолаушысы әжетханада оңашаланып алған. Бұл оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі DailyMail басылымына сілтеме жасап.

Баслыым мәліметінше, рейс 8 қыркүйекте британияның Лутон қаласынан Ибицаға бет алған. Видеодан бортсеріктің әжетхана есігін ашып қалып, жыныстық қатынаспен айналысып жатқан жұптың үстінен түскен. Бұл жағдай өзге жолаушыларды дүрліктірді.

"Екі жолаушының әрекетіне қатысты 8 қыркүйекте британияның Лутон қаласынан Ибицаға бет алған рейсті полиция күтіп алғанын растаймыз", - дейді әуекомпаниясының өкілі.

Жұптың тұлғасы анықталмады, сонымен қоса, Ибицада оларды қамауға алған - алмағаны белгісіз.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!