Үндістандық турист Бакудегі қонақүйлердің бірінде күйіп қалды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Media.az сайтына сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, оқиға Әзербайжан астанасының Насимин ауданындағы қонақүйлердің бірінде болған.
"Алдын ала тергеу барысында Үндістанның 25 жастағы азаматы Бакуге турист ретінде келіп, аталған қонақүйге қоныстанғаны анықталды. Ол бөлмеде душ қабылдаймын деп күйіп қалады. Жәбірленуші ауруханаға жатқызылды", - деп жазады басылым.
Туристің жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!