Үндістанда су тасқыны салдарынан 22 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Үндістанның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдың салдары су тасқынына айналды. Табиғи апат салдарынан 22 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Үндістанның солтүстігінде толассыз жауған жаңбырдың салдары су тасқынына айналды. Табиғи апат салдарынан 22 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

Ел астанасы Нью-Делиде демалыс күндері жауған жаңбырдың салдарынан мектептер жабылды, ал гималайлық Химачал-Прадеш және Уттаракханд штаттарында билік өкілдері тұрғындардан үйден шықпауын өтінді. Солтүстіктегі Химачал-Прадеш, Уттаракханд, Уттар-Прадеш, Джамму және Кашмир мен Пенджаб штаттарында табиғи апат салдарынан 22 адам өлім құшқан.

Химачал-Прадеште кенеттен болған су тасқыны көпірді құлатып, бірнеше үйді шайып кеткен. Жолда, көпірде тұрып қалған тұрғындарды құтқару үшін билік өкілдері тікұшақтар көтерген. Солтүстіктегі барлық дерлік штаттың (Пенджаб, Дели және Уттаракханд) көшелерін су басқан.

Кейбір аймақтарда құтқарушылар рәзіңке қайықтарды қолданып, үйлерден адамдарды алып кетіп жатыр.

"Өтініш, үйлеріңізде қалыңыздар, себебі алдағы 24 сағатта тағы нөсер жауын жауады", - деді Химачал-Прадеш штатының бас министрі Сухвиндер Сингх Суху.

Химачал-Прадеш штатының көптеген аудандарында бір күнде бір айлық жауын нормасы түскен. Жаңбыр маусымы 1 маусымда басталған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная