Делиден Ассамға аттанған жедел пойыздың кем дегенде 12 вагоны Бахир штатына жақын маңда рельстен шығып кетті. Төрт адам қаза тапты, жүздеген адам жарақат алды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Hindustan Times басылымына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, рельстен шығу кезінде үш не төрт вагон аударылған. Оқиға орнына полиция мен жергілікті тұрғындар көмекке келді, олар адамдарды вагондардан шығарған. Жарақат алғандар жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді.
Оқиға орнына шенеуніктер де келген, олар апаттың мән-жайын анықтап жатыр.
Just in: North East Express Bound to Kamakhya derailed near Buxar !!
— Trains of India ?? (@trainwalebhaiya) October 11, 2023
More Details Awaited pic.twitter.com/4o1yJEjeZR
Пойыз электр сымдарын үзіп, темір жолды қиратқан. Соның салдарынан пойыздар қозғалысы тоқтатылған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!