Үндістанда піл саяхатшылардың үрейін қашырды

Үндістанда алып піл саяхатшылар мінген автокөлікті тоқтатты - қауіпті жағдайдың видеосы әлеуеметтік желіде вирусқа айналды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.

БАҚ мәліметінше, видео сафари кезінде түсірілген: алып тіршілік иесі адамдар отырған көлікке тікелей беттейді.

"Желі қолданушыларын піл емес, жолаушылардың әрекеті таңғалдырды. Олардың біреуі жүргізушіден пілге банан беруді сұраса, кейбіреулері үрейленіп, табан жалтыратуды өтінеді. Сосын біреуі кенеттен жабайы жануарды тынышталдыру үшін Ганеши (піл басты үнді құдайы) мантрасын әндеткен", - дейді видеоны тамашалағандар.

Көлік артқа бере бастағанда, піл біртіндеп орман арасына беттейді. "Барминдер толы көлік жабайы пілді кезіктіргенде" деп аталатын видеоны 60 мыңнан аса адам қарап, жүздеген лайк жинаған.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!