Үндістанда жол көрсетпеген ер адамға турист пышақ ала жүгірді

Үндістанда фотографқа пышақпен шабуыл жасаған турист ұсталды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі The Hindu басылымына сілтеме жасап.

Оқиға Нью-Делидегі "Үндістан қақпасы" ескерткішінің маңында болды.

27 жастағы Шримала Йохан 28 жастағы Непал Сингхке теміржол вокзалына баратын жолды көрсетуді сұраған. Бірақ ер адам жолды білмегендіктен, бас тартуға мәжбүр болған. Алайда ашуға булыққан турист фотографқа пышақпен шабуыл жасады. Мойны мен қолы жараланған жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.

Қаскүнем көп ұзамай ұсталды. Кейіннен Йоханның соттылығы бар екені анықталды. Ол Теланган штатында адам өлтіру ісіне қатысы бар болып шықты. Түрмеден өткен айда ғана босап шыққан екен. Енді оған адам өміріне қастандық жасады деп айып тағылды. Істі тергеу жалғасып жатыр

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!