Ченнаи халықаралық әуежайы Мичаунг циклоны жақындауы салдарынан су тасқынына байланысты уақытша жабылды, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі.
AviationSource, басылымының мәліметінше, әуежай 2015 жылдан бері алғаш рет уақытша жабылып отыр екен. Ол кезде Ченнаи әуеайлағы төрт күн бойы жұмыс істемеген. Барлық әуерейстер (30-дан аса) Бангалордағы Кемпегоуда әуежайына жіберіліп жатыр.
Current Situation AirSide in Chennai.
— Vaibhavi Limaye (@LimayeVaibhavi) December 4, 2023
The cyclone has made its landfall. All flights cancelled in and out of Chennai. Airport closed till 2300 hrs. pic.twitter.com/yymYfdkYOJ
Әлеуметтік желіде тараған видеода, әуежайдың терминалы мен ұшу-қону алаңын су басқанын көруге болады.
@trichybilal Chennai airport
♬ original sound - trichyBilal007
Ченнаидың көптеген аудандарын су басып, мектептер мен басқа да мекемелер өз жұмысын тоқтатты, ал кей аймақтарда тіпті адамдар эвакуацияланған.
Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!