Үндістан жақында елде халықаралық туризмнің қайта басталғанын жариялауы мүмкін. Алдын ала мәліметтер бойынша, саяхатшылар үшін шекаралардың ашылуы қазанда болады деп күтілуде, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі үндістандық БАҚ-қа сілтеме жасап.
Жергілікті баспасөздің мәліметінше, халықаралық туристер 15 қазанда Үндістанға бара алады. Ел үкіметі жақын арада тиісті мәлімдеме жасайды деп күтілуде.
"Коронавирус пандемиясы әлсіреген сайын біз ұлттық және халықаралық туризмді қайта бастаймыз. Жақын арада хабарландыру жасалады және 15 қазаннан басталуы мүмкін. Біз халықаралық рейстерді қабылдап жатырмыз және адамдар Үндістанға сапарларға тапсырыс бере алатындай етіп чартерлік рейстерді қайта бастауды сұрадық", - деді журналистерге Үндістан туризм одағының министрі Срипад Наик.
Халықаралық чартерлік рейстердің басым бөлігі Гоаға жоспарланған. Бұған дейін Гоа штатының бас министрі Прамод Савант сапардың мақсатына қарамастан, вакцина алған саяхатшылар туризм, бизнес немесе жеке себептермен келген кезде ПТР-тестінің теріс нәтижесі туралы анықтаманы ұсынбауы керек деп мәлімдеді.
Қазақстандық туроператорлардың бірінің өкілі Светлана Ошерованың айтуынша, Қазақстаннан Үндістанға тек вакцина салдырған туристер үшін чартерлік рейстерді іске қосу туралы ұсыныс бар, алайда Үндістан қазақстандық вакциналарды тани ма, жоқ па - әлі белгісіз.
Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!