Ұлыбританияға коронавирус вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ұлыбритания ауруханаларына коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбритания ауруханаларына коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы партиясы жеткізілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы Хабар 24 арнасына сілтеме жасап. 

Тұманды Альбион әлемде бірінші болып "Пфайзер" мен "Байонтек" компаниясының вацинасын алды. Вируске қарсы адамдарды егу ертең басталмақ. Алдымен жасы 80-нен асқан қарттар, медицина қызметкерлері және қарттар үйінде тұрып жатқан адамдар егілмек. Жалпы Лондон алғашқы кезеңде 40 миллион доза вакцинаға тапсырыс берген. Ол 20 миллион адамға есептеліп отыр. Себебі әр тұрғын 2 рет егілуі тиіс.

Еске сала кетейік, Ұлыбританияда індет таралғалы 1 миллион 700 мыңнан астам адам вирусты жұқтырып, 61 мыңнан аса науқас қайтыс болды. Елде өткен аптада ұлттық карантин аяқталып, оның орнына үш деңгейлі шектеу енгізілген.

"Вакциналар тоңазықыштарда минус 73 градус температурада сақталып, қажет болған жағдайда ғана алынады. Қазір ауруханаларда вакцинациялау бағдарламасы алдындағы соңғы тексерістер жүріп жатыр", - дейді фармацевт Луиза Кофлан.

Әлемнің өзге елдері де халықты коронавирусқа қарсы жаппай егу басталатынын жариялап жатыр. Мысалы, Түркияда шара алдағы жұма күні қолға алынатын болса, АҚШ-тың Нью-Йорк штатында екпе егу келесі аптада жүргізіледі. Егер америкалықтар өз компанияларының вакцинасын қолданса, Түркияда халықты Қытай екпесімен егу қарастырылған. Ал көрші Ресей астанасында халықты "Спутник Ви" вакцинасымен егу басталып кетті. Осы аптада шара елдің өзге аймақтарында қолға алынады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная