Ұлыбританияда коронавирустың жұқпалы штаммының таралуы салдарынан COVID-19 инфекциясының жаңа рекорды тіркелді, - деп хабарлайды РИА Новости.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі тәулікте тіркелген науқастар саны 36 804-ке артып, 691 адам қайтыс болды.
Осылайша, елде пандемия басталғалы 2 110 314 адамнан коронавирус анықталып, 68 307 адам қайтыс болған.
Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон 20 желтоқсаннан бастап Лондон мен елдің оңтүстік-шығысы коронавирустың жұқпалы түрінің тез таралуына байланысты локдаун режиміне көшетінін мәлімдеген еді. Уэльс пен Шотландия билігі де жаңа шектеулер енгізді. Бірнеше ел Ұлыбританиямен шекараны COVID-19 жаңа түрінің таралуының алдын алу үшін жауып тастаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!