Ұлыбританияда ғылыми мақсатта адамдарға COVID-19 жұқтыру басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Ұлыбританияда адамдарға ерікті түрде ғылыми мақсатта коронавирус жұқтыру басталды. Вирустың адам ағзасына әсерін зерттеуге арналған медициналық зерттеуді ұлыбританиялық Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды, - деп хабарлайды DW.com.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлыбританияда адамдарға ерікті түрде ғылыми мақсатта коронавирус жұқтыру басталды. Вирустың адам ағзасына әсерін зерттеуге арналған медициналық зерттеуді ұлыбританиялық Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастырды, - деп хабарлайды DW.com.

Министрлік баспасөз қызметінің мәліметінше, осылайша елде коронавирусқа қарсы вакцинаны тез әзірлеп, аурудың бұл түрін емдеу жолдары қарастырылады.  

Еріктілердің бірінші тобымен Royal Free Hospital ауруханасының мамандары жұмыс істеп жатыр, олар коронавирус сипаттамаларын зерттеумен айналысады. 

"Зерттеу қатысушыларына қауіпсіз және бақылаудағы ортада вирус жұқтырдық. Олар тәулік бойы дәрігерлердің бақылауында", - делінген хабарламада. 

Одан бөлек, ғалымдар SARS-CoV-2-ге адамның иммундық жүйесі әсері қандай боларын және инфекция жұқтырған адам вирус бөлшектерін қалай тарататынын зерттемек. 

Бұған дейін дәл осындай зерттеу жұмыстары тұмау мен безгек ауруларына қарсы вакцина дайындау кезінде жасалған. 

Соңғы зерттеуге жас әрі денсаулығы жақсы адамдар таңдалған. Оларға вирустың аз ғана дозасын салады. Зерттеуге жалпы 90 адам қатысады деп жоспарланған.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная