Пандемия мен Ұлыбританияның Еуропалық Одақтан шығуы кезінде жолаушылар санының күрт төмендеуіне байланысты ең танымал жүрдек Eurostar пойыздарының одан әрі қатынауына қауіп төнді. Бұл туралы Ұлыбритания парламенті көлік комитетінің төрағасы, депутат Хью Мерриман айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz.
Әйгілі Eurostar компаниясының тағдыры Ұлыбританияның көлік органдарының өкілдері Франция, Сингапур және Швеция сарапшыларымен талқыланған. Хью Мерриман атап өткендей, Eurostar ел үшін өте маңызды және экономикаға айтарлықтай үлес қосады.
"Компания Ұлыбритания, Франция және Бельгия арасында экологиялық қауіпсіз, тікелей тасымалдау қызметін көрсетеді. Eurostar пойыздары парниктік газдар қалдықтарын сондай қысқа әуерейстеріне қарағанда 80-90 пайызға аз шығарады. Сонымен қатар, компания жыл сайын Ұлыбритания экономикасына 800 миллион фунт стерлинг табыс әкеледі", -дейді Мерриман.
© Shutterstock
"Eurostar трафигі 95 пайызға төмендеді, ал қызметтері мүлдем азайды. Компанияға дағдарыстан шығуға көмектесу үшін британдық-француздық бірлескен шешім қажет", - дейді ол.
Өз кезегінде француз тарапы Франция үкіметі компанияны қолдайтынын, бірақ тек жалғыз тараптан емес екенін айтты.
"Әрине, Франциядан қаржы келеді, бірақ, Франция Ұлыбританиядан да бұған көмектесуін сұрайды", - дейді Франция өкілі, Лион университетінің қала құрылысы экономикасының саяси зерттеулер институтының профессоры Ив Крозет.
Eurostar - Еуропада жоғары жылдамдықпен теміржол жолаушылар тасымалымен айналысатын компания. Пойыз Ла-Маншты Еуротоннель арқылы өтеді.