Ұлттық парк аумағында қайтыс болған әйелдің жолдасы биліктен 140 миллион доллар талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© nehandaradio.com © nehandaradio.com

АҚШ-тың ЮТА штатында ұлттық парк аумағында қайғылы жағдай салдарынан қайтыс болған әйелдің күйеуі мен отбасы биліктен 140 миллион доллар (65 996 994 000 теңге) өтемақы сұрады. Бұл туралы New York Post жазды.


Иконка комментария блок соц сети

АҚШ-тың ЮТА штатында ұлттық парк аумағында қайғылы жағдай салдарынан қайтыс болған әйелдің күйеуі мен отбасы биліктен 140 миллион доллар (65 996 994 000 теңге) өтемақы сұрады. Бұл туралы New York Post жазды.

2020 жылы көктемде Людовик Мишо мен оның жары Эстер Накаджиго Арки ұлттық паркінде көлікпен келе жатқан. Отбасылық жұп жолда орналасқан металл дарбазадан өте бергенде қатты соққан желдің салдарынан есік жабылып кеткен. Соның соққысынан жолаушы отырға есік кесілген, сондай-ақ Людовиктің жары Эстердің басын шауып түсірген.

Отбасының адвокаттары АҚШ-тағы парктерде инфрақұрылымдық қызмет көрсету қызметінің салғырттығынан турист қайтыс болғанын айтады. Әйелінен айырылған ер адамның айтуынша, оның жары угандалық әнші және актриса болған, ол қайырымдылық шараларымен айналысқан. Оның айтуынша, Накаджиго қайтыс болмағанда онда жылына жүз мың немесе миллион доллар табыс табатын коммерциялық емес ұйымның бас директоры болатын еді. Әйелінен айырылған ер адам өз қайғысын, сондай-ақ жіберіп алған мүмкіндіктерді ол 140 миллион долларға бағалаған.

© yourcommonwealth.org

Алдағы апталарда сот үкім шығарады деп күтіледі.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная