Ресейлік және украиналық туристер тобы Пхукет курорттық аралының танымал жағажайындағы митингке жиналды. Олар Ресей Федерациясының Украинадағы әскери арнайы операциясына теріс көзқарасын білдіріп, бейбітшілік үшін сөйледі, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom сайтына сілтеме жасап.
Пхукет БАҚ-тарының мәліметінше, адамдар соғыс қимылдарына наразылық білдіріп, қолдарында плакаттар ұстаған. Ұрандар орыс және ағылшын тілдерінде жазылды. Пхукет көптеген жыл бойы жүздеген мың ресейлік пен украиналықтарды қабылдағанымен, Тай газеттері саяси келіспеушіліктерден туындаған елеулі қақтығыстар туралы хабарлаған жоқ.
Сонымен бірге, премьер-министр Прают чан-оча әлі күнге дейін Украинадағы оқиғаларға деген көзқарасын білдірмеді. Сарапшылардың пікірінше, бұл елді ыңғайсыз жағдайға душар етеді және шенеунікті ұстанымын білдірген басқа әлемдік көшбасшылардан ажыратады.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!