Украиналық туристер омлет үшін қонақүй қызметкерлерімен төбелесіп, видеоға түсіп қалды

Украиналық туристер қонақүй қызметкерлеріне таңғы астың дәмсіз болғанына шағымданып, төбелес шығарды. Оқиғаның видеосы СТБ телеарнасындағы "Вікна-новини" бағдарламасының шығарылымында көрсетілді, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.

Киевтен бір топ турис Карпаттағы қонақүйге демалуға келді. Демалушылардың бірі таңғы асқа берілген омлетті ұнатпады. Қыз мейрамхана әкімшісіне тағамды ауыстыруды сұрайды, бірақ оған дөрекі түрде жауап қатып, ауыстырылмайтыны айтылады. Осыдан кейін саяхатшылар қонақүйдің қабылдау қызметіне шағымдануға келеді. Қызметкерлермен ауызша салғыласу видеоға түсіріле бастап, бұл төбелеске себеп болады.

Кадрларда қонақүй қызметкерінің демалушылардың біреуінің шашынан қалай ұстап тұрғанын көруге болады, ал қалған үш қызметкер туристермен бірге жүрген ер адамдарға соққы бере бастайды. Осыдан кейін оқиға орнына тәртіп сақшылары мен дәрігерлер шақырылды. Тараптар полицияға қарсы мәлімдемелер жазған, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!