Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі ведомствоға эвакуациялау туралы 528 өтініш түскенін хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Бүгін эвакуациялау туралы 528 өтініш келіп түсті. Алғашқы репатриациялық рейс 26 немесе 27 ақпанда жүзеге асады деп жоспарланып отыр. Ел басшылығы біздің азаматтар үшін репатриациялық рейстерді тегін ұйымдастыру туралы шешім қабылдады", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров брифингте.
Басқа да рейстер болатыны хабарланды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!