Тынық мұхитын кесіп өткен қарт яхтсмен 83 жастағы жапониялық болды

Жапон саяхатшысы Кэнъити Хори 83 жасында Тынық мұхитын порттарға кірмей өткен ең қарт яхтсмен болды, - деп хабарлады Киодо агенттігі яхтсменнің кеңсесіне сілтеме жасап.

Ол наурызда Сан-Францискодан жолға шықты. Ал 4 маусымда таңертең Жапонияның Кии бұғазы арқылы өтіп, жүзудің соңғы мақсаты ретінде белгіленді. Хори 69 күнде 8,5 мың шақырым жол жүрді.

Кэнъити Хори 1962 жылы яхтада Тынық мұхитын кесіп өткен алғашқы саяхатшы болды. Үйге оралғанда ол бестселлерге айналған "Тынық мұхитындағы жалғыз" кітабын жазды.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!