Түркияның туризм министрі бәрі жақсы болады деп уәде берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Түркия туризмі зардап шекпейді. Бұл туралы мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Түркия туризмі зардап шекпейді. Бұл туралы мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой Украинадағы соңғы оқиғаларға байланысты айтты, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Tourprom басылымына сілтеме жасап.

Ресми БАҚ мәліметінше, ол Ресей-Украина дағдарысының Түркияның туризміне қаншалық әсер ететіне қатысты пікір білдірген.

"Бұл оқиғалар түрік туризміне әсер етпейді, барлық шара қабылданды. Менің ойымша, бұл бізге теріс әсер етпейді. Біз осындай дағдарыстарға тап болдық, біз дайынбыз", - деді ол.

Сондай-ақ, министр оптимистік болжам айтты. Оның айтуынша, 2022 жылы 42 миллион келуші болады және туризмнен 35 миллион табыс түседі, ал 2028 жылы 100 миллион келушіден түсетін кіріс 120 миллард болады деп жоспарланған.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная