Түркияның туристік аймақтары әлі өртеніп жатыр

Түркия бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, соңғы 5 күнде (28 шілдеден 1 тамызға дейін) елде 125 ірі өрт тіркелген. Ең көп өрт Анталия және Мугла провинцияларының ормандарында пайда болды. Осы жерден алты ауданның тұрғындары эвакуацияланды және 10 адам қайтыс болды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Тourweek.ru басылымына сілтеме жасап.

Төтенше жағдайды жою үшін Түркияның барлық өңірінен өрт сөндіру техникасы өртеніп жатқан аймақтарға тартылды.

Түрік билігінің ресми мәліметтеріне сәйкес, 125 өрттің 117-сі сөндірілген немесе оқшауланған. Алайда, әлемдік БАҚ Түркияның оңтүстік жағалауының едәуір бөлігін түтінмен жауып тұрғаны түсірілген спутник суреттерін жариялауды жалғастыруда. Демалысқа келген блогерлер де қонақүй маңындағы өрттің суреттерін әлеуметтік желіге жүктеп жатыр.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!