Түркияның танымал жағажайында турист әйелді белгісіз біреулер соққыға жыққан

Түркияның Коньяалтыдағы танымал жағажайында соққыға жығылған ресейлік турист Анталья ауруханасына жеткізілді. Әйел адамды ұрып-соғуға не түрткі болғаны тексеріліп жатыр және қылмыскерлерді іздеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды En son Haberү.

Антальяның адамдар көп шоғырланатын жағажайында бетінен түгі қалмаған әйел адам жағажай қызметкерлерінен көмек сұраған. Әйел адам екі аяғымен әзер тұрған және оқиғаның қалай болғанын айтып бере алмаған. Жергілікті мамандар дереу жедел жәрдем қызметіне хабарласып әйелдің жағдайы туралы баяндаған. Көп ұзамай зардап шеккен турист ауруханаға жеткізілген. 

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері кінәлілерді іздестіріп жатыр. Айта кетейік, Анталья жағажайларында мұндай жағдай сирек кездеседі және бұл оқиғаны русофобия, ұрлық не бұзақылардың басқа да мотиві болуын тергеушілер анықтайтын болады.