Түркияның қымбат қонақүйлерінің бірінде өрт шықты - видео

Ыстамбұл орталығындағы қымбат қонақүйлердің бірінде өрт шықты, - деп хабарлайды DHA агенттігі.

Өрт Босфор бұғазының жағалауында Бешикташ ауданындағы Чираган сарайының аумағында орналасқан Çırağan Palace Kempinski қонаүйінің төртінші қабатынан шыққан.

Агенттік мәліметінше, оқиға орнынаөрт сөндірушілер дереу жеткен, тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілген. Өрт салдарынан бір адам зардап шеккен, оны жедел жәрдем қызметі ауруханаға жеткізген.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!