Түркияның басты қаласы - Ыстамбұлға келген туристердің саны он жыл ішінде ең жоғары деңгейге жетіп, бұрын-соңды болмаған рекорд орнатты. Мұндай деректерді ресми статистика ұсынды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Шілдеде Түркияның "мәдени астанасына" 1,76 миллион шетелдік турист келді. Өткен жылға қарағанда өсім 56 пайызды құрады.
Ресми статистикаға сәйкес, алғашқы жеті айда Ыстамбұл барлық шетелдік туристің 40 пайыздан астамын құрады. Немесе Түркия қабылдаған 23 миллионның 8 миллионы осы қалаға келді.
Сонымен бірге, ресми статистика бұған авиасанкция енгізілгеннен кейін Түркияны таңдаған ресейлік туристер маңызды рөл атқарды деп жариялады. Неміс және ұлыбританиялық туристердің саны да өсті.
Жалпы, Ыстамбұлға келген шетелдіктер Анталиядағы сияқты - немістер бірінші орында, содан кейін ресейлік туристер, үшінші орында - АҚШ туристері, Анталияда үшінші орында - ұлыбританиялықтар.
Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.
Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.