Коронавирустың үнді немесе "дельта" деп аталатын жаңа штамы Түркияның 26 провинциясында табылды. Инфекция жұқтырғандардың 50 пайыздан астамы Стамбулда анықталған, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі.
Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Коджа (Fahrettin Koca) мәлімдеді. Оның айтуынша, ел бойынша 224 жағдай анықталды (134 адам Стамбулда).
Дельта штамы бұрын анықталғандармен салыстырғанда таралу жылдамдығы екі есе жоғары, ал Delta plus нұсқасында вирустың өкпе жасушаларына тезірек байланысуына көмектесетін мутация бар және ол вакциналарға төзімді.
Айта кетейік, дельта штамы туралы ақпарат 2020 жылдың соңында, ал оның плюс нұсқасы 2021 жылғы маусымның ортасында пайда болды.
Қазір Түркияда ковидтің 5,4 миллион жағдайы тіркелді, 49 мың науқас қайтыс болды.
Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!