Түркиялық туроператор жаңа аймаққа туристік пакет ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Туроператор алғаш рет Түркияның Мардин қаласына, оның ішінде әйгілі Гебекли Тепеге баратын экскурсиялық топтамалық турлар ұсынады. Чартерлік тасымал туристік пакеттердің құнын едәуір төмендетуге септігін тигізді: қазір PEGAS Touristik Мардин мен Месопотамияға турлар үшін ең қолжетімді бағаға ие болып отыр,- деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz порталы "Вестник АТОР" басылымына сілтеме жасап

Иконка комментария блок соц сети

Туроператорда Месопотамияға "Стамбул + Мардин + Гебекли Тепе" маршруты бойынша экскурсиялық турлар (6 күн/5 түн) Nordwind әуекомпаниясының Стамбулға чартерлік рейстеріне негізделген. Nordwind рейстерімен Стамбулға келетіндерге арналған 6 күндік турдың екінші күнінде қаланың көрнекті жерлеріне экскурсия ұйымдастырылады (Айя-София, Көк мешіт, Топкапы сарайы, Босфор бойымен серуендеу және т.б.).

© pixabay.com

Турдың үшінші және төртінші күндері туристер жергілікті әуекомпанияларымен Мардинге ұшып барады (рейс шамамен 2 сағатқа созылады, Мардиннің шағын әуежайы жақын жерде орналасқан). Турдың бесінші күні туристтер экскурсия аясында (қосымша ақы төлеу арқылы бір адамға шамамен 30 доллар), үңгірге және "Ибрахим пайғамбардың балықты көлін" көруге болатын Шаңлыурфа қаласына барады.

Ол жерде ежелгі базарды аралап, жергілікті асханамен танысып, пісте кофесі мен тәттілердің дәмін тати аласыз, содан кейін Гебекли Тепеге, оның пайда болуы Мысыр пирамидалары мен Стоунхенджге қарағанда әлдеқайда ерте Жердегі ең ежелгі ғибадатханаға барасыз. 5-күні кешке туристер Шаңлыурфа әуежайынан Стамбулға ұшады, ал 6-күні Nordwind чартерлік рейстерімен елдеріне қайтады.

Біз коронавирус пандемиясы жақын арада аяқталып, саяхатқа жол ашылады деген үміттеміз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің кез келген нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Aviata қосымшасын мына сілтеме бойынша орнатуға болады.

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная