Түркиялық танымал кәсіпкер әйел круиз кезінде қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© istiklal.com.tr © istiklal.com.tr

Түркияда танымал кәсіпкер әйел Дилек Эртек еңбек демалысы кезінде Таитиде круиз лайнерімен саяхаттап жүріп қаза тапты. Ол 20 жыл бойы республикада Tiffany зергерлік брендінің дистрибьюторы болған. Әйел кеменің балконынан Тынық мұхитына құлап кеткен. Полиция "кісі өлтіру" нұсқасы бойынша тергеу шараларын бастады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі түркиялық БАҚ-қа сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Оқиға 26 қазанда болған, алайда ол тек қазір белгілі болып отыр, өйткені осы күнге дейін 63 жастағы туристің денесі іздестірілген. Құқық қорғау органдары осы іске күдікті ретінде оның ұлын қарастырған.

Түркиялық БАҚ мәліметінше, қауіпсіздік қызметіне анасының өлімі жайлы баласы хабарлаған. Бейнебақылау камераларын тексеру кезінде полиция әйелдің балконнан құлаған сәтін анықтаған, алайда оқиғаның қалай болғаны әзірге белгісіз. Түркиялық әйелдің туыстары марқұмның ішімдік ішпейтінін және балконнан құлап кету үшін ол өзі сүйенішке шығуы керек болғанын айтады. Олардың айтуынша, оның мұндай қадамға баруы мүмкін емес.

Екі аптадан аса іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, алайда нәтиже жоқ. Таитиге анасымен бірге саяхаттаған ұлы круиз компаниясын сотқа бергені белгілі болды.

Ең маңызды жаңалықтар - біздің Facebook парақшамызда! Дəл қазір жазылып алыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная