Түркиядан басқа "барлығы қамтылған" қызметі бар қандай елдерге баруға болады: 3 бағыт жайлы

Бұған дейін Түркияда жергілікті қонақүйлерде "all inclusive" жүйесін (барлығы қамтылған) жою қозғалысының шыққаны белгілі болды. Қазақстандықтарды қуантатыны, көпшілікке таныс бұл қызмет түрін ұсынатын қонақүйлер басқа елдерде де бар. Kaz.tengritravel.kz порталы Aviata.kz сервисімен бірге осы қызмет түрі көрсетілетін үш мемлекет жайлы егжей-тегжейлі баяндайды.

БАӘ

Жылы теңізге шомылу үшін Дубай немесе Шарджа, Рас әл-Хайма, Фуджейра қалаларына баруға болады. Дубай - әдемі заманауи қала, шөл ортасындағы оазис, мұнда көретін жерлер өте көп.

БАӘ-де, Түркиядағы сияқты, барлығын қамтитын жүйесі бар 1-ші қатардағы 4-5 жұлдызды қонақүйлер жеткілікті, бірақ олардың қызметі төмендеу екенін мойындауымыз керек.

БАӘ-де демалысты жоспарлағанда, жазда бұл жерде өте ыстық және қапырық болатынын естен шығармаңыз. Сондықтан бұл бағытты көктемде (сәуір мен мамырда ұшуға өте ыңғайлы) немесе күзде Түркияға сапарға балама ретінде қарастырған дұрыс.

БАӘ-де демалудың артықшылықтары:

  • сапалы қызмет көрсету, тіпті үш жұлдызды қонақүйде де қолайлы жағдай қарастырылған;
  • таза құмды жағажайлар, көгілдір теңіз, көк мұхит;
  • балалары бар отбасылар үшін қолайлы: хайуанаттар бағы, аквапарктер, шағын бассейндер, көптеген аттракциондар, аниматорлар және басқа да балалар ойын-сауық түрлері;
  • шоппингті сүйетіндер үшін таптырмас жер.

Мысыр

Мұндағы көптеген қонақүйлер барлығын қамтитын жүйемен жұмыс істейді. Бұл сіздің демалысыңызда күніне 3 рет швед үстелі және күні бойы шектеусіз алкогольді және алкогольсіз сусындар кіретінін білдіреді.

Дегенмен, сапалы тағамы бар жақсы қонақүйді Мысырдағы қонақүйлерді өз көзімен көрген тәжірибелі менеджер ғана таңдай алатынын айта кеткен жөн.

Мысырда демалудың артықшылықтары:

  • Жыл он екі ай туристік маусым;
  • Бюджетке сай қонақүйлердің үлкен таңдауы;
  • арзан турлар;
  • ауқымды экскурсиялық бағдарлама.

Мальдив аралдары

Мальдив аралдары жердің шеті іспетті, онда сіз уайым-қайғыдан арылып, табиғатқа етене жақындай аласыз. Судың таңғажайып тазалығы, жібектей құмы бар аппақ жағажайлары, алуан түрлі су асты әлемі және жоғары қызмет көрсету мұнда өзіңізді барынша жайлы сезінуге мүмкіндік береді. Архипелагтың көптеген аралдарында барлығын қамтитын жүздеген қонақүйлер шашырап жатыр: аралда қонақүйлерден басқа ештеңе болмаса, қалай болар еді?

Мальдив стиліндегі All Inclusive - күніне үш мезгіл тамақ, шарап пен коктейль, сондай-ақ, әртүрлі экскурсиялар. Сонымен қатар, кейде ақылы а-ля карт мейрамханалары бар.

Мальдивтердегі демалыстың артықшылықтары:

  • таза ақ құм мен тамаша суы бар жағажайлар;
  • тұмса табиғат;
  • люкс қонақүйлер;
  • жемістердің алуан түрі;
  • жергілікті тұрғындар өте мейірімді, туристерді жақсы көреді;
  • керемет сүңгуір орындары бар;
  • айналада туристер өте аз.

Aviata.kz - үйіңізден немесе кеңсеңізден шықпай-ақ, әлемнің қалаған нүктесіне теміржол және әуе билеттерін кез келген бағытта онлайн режимінде табуға, брондауға және сатып алуға мүмкіндік беретін сервис.

Әуе және теміржол билеттерін сатып алуға болатын "Авиата" қосымшасын мына сілтеме бойынша жүктеуге болады.