Түркиядағы орман өрті: ресейлік туристер күдікке ілінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Depo Photos / globallookpress.com Фото: Depo Photos / globallookpress.com

Анталия маңына саяхатқа барған ресейлік екі турист ормандарды өртеді деген күдікпен жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл туралы CNN TÜRK жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Анталия маңына саяхатқа барған ресейлік екі турист ормандарды өртеді деген күдікпен жергілікті полиция бөлімшесіне жеткізілді. Бұл туралы CNN TÜRK жазады, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Оқиға 31 шілдеде Коньяалта ауданында болған. Жергілікті тұрғындар орман арқылы Тюнектеп тауына қарай бет алған қолында сөмкесі бар екі екі туристі байқап, бұл туралы Құқық қорғау органдарына хабарлаған.

Көп ұзамай ауданға жергілікті полиция бригадалары мен терроризмге қарсы күрес басқармасы келді. Олар бір сағат ішінде аумақты фототехника мен бинокльдің көмегімен тексеріп, арқанжолмен тауға көтерілген екі туристі анықтады.

Саяхатшылар ұсталды, төлқұжаттары мен сөмкелері тексерілді. Кейінірек ресейліктер егжей-тегжей тексеру үшін полиция бөлімшесіне жеткізілді.

Айта кетейік, елдегі өрт қаупіне байланысты Түркияның 12 провинциясының орман аймақтарына кіруге тыйым салынған. Сондай-ақ, жасыл массивтердің жанындағы аумақтарда от жағуға болмайды.

Елімізде жəне əлемдегі жаңалықтар жайлы толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная