Қырғызстаннан түрік қонақүйіне демалуға келген туристің сөмкесі ұрланды. Ұры Африкадан "қосымша ақша табу" үшін курорттық провинциясына келген неміс болып шықты. Бұл оқиға туралы түркиялық БАҚ жазды, - деп хабарлайды Kaz.tengritravel.kz тілшісі Турпром сайтына сілтеме жасап.
Әйел Манавгат курорттық провинциясының қонақүйінде тоқтаған. Әйел дәретханаға барарда сөмкесін орындыққа қалдырып кетеді. Қайтып келсе сөмкесі жоқ болады. Ол бірден қонақүй әкімшілігіне хабарлады.
Полицейлер қонақүйдегі камераларды тексеріп, күдіктіні анықтады. Ол бұл қонақүйде тұрмаған және сөмкені ұрлап, шығып кеткен. Ер адам Германияның азаматтығын алған африкалық болып шықты.
Түрік полициясы күдіктіні оқиға орнынан бір сағатқа жуық жерде орналасқан тағы бір курорттық қала – Аланьядан тапты. Ер адамнан турист әйелдің сөмкесі табылды. Оның ішінде 7,7 мың доллар, 5,2 мың лира және 1,2 қырғыз сомы, шамамен 3,5 миллион теңгеден аса ақша болған.
Тәркіленген ақшаны түрік полицейлері зардап шеккен туристің қолына тапсырды.
Қылмыскер де Манавгатқа жеткізілді. Алда оны ақша қаражатын ұрлау және есірткіні сақтау/пайдалану туралы сот талқылауы күтіп тұр.
Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!