Түркиядағы демалыс 100 пайыз қымбаттайды: сарапшы болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Shutterstock Фото ©Shutterstock

Түркиядағы қаржы-энергетикалық дағдарыс салдарынан елдегі қонақүйлер жазда 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Қазіргі жағдай мынадай: коммуналдық қызметтерге ақы төлеу қонақүйлердің кірісін толығымен "жейді" және олар тез "минусқа" түседі, - деп хабарлайды Тourprom.


Иконка комментария блок соц сети

Түркиядағы қаржы-энергетикалық дағдарыс салдарынан елдегі қонақүйлер жазда 100 пайызға дейін қымбаттауы мүмкін. Қазіргі жағдай мынадай: коммуналдық қызметтерге ақы төлеу қонақүйлердің кірісін толығымен "жейді" және олар тез "минусқа" түседі, - деп хабарлайды Тourprom.

"Жақында ғана қонақүй шығындарындағы энергия үлесі 4-8 пайыз болған, бірақ қазір ол іс жүзінде 100 пайызға жетеді. Яғни біздің барлық кірісіміз энергия төлеміне кетеді. Оның үстіне, қыста электр энергиясы мен азық-түлік бағасының қалай өсетінін әлі білмейміз", - деді Эгей туристік кәсіпорындар мен орналастыру қауымдастығының (ETIK) вице-президенті Бүлент Зюзер.

Сарапшының айтуынша, бұл шығындарды бағаға қосу керек. Тіпті ерте брондау кезеңінде де бағалар 50 пайызға өскен.

"Біз клиенттердің наразылығына тап боламыз. Бірақ бізге де шығындарды үнемдеу керек. Мысалы, азық-түлікті сақтау құны өсе бастады. Бұрын үнемдеу үшін біз азық-түліктің көтерме партияларын сатып алып, оларды мұздатқыштарда сақтадық. Қазір электр энергиясы былай үнемдеуге мүмкіндік бермейді", - деді ол.

Нәтижесінде, оның айтуынша, маусымда бағалар 50-60 пайызға өседі және 100 пайыз қымбаттауы мүмкін деген тәуекел бар.

Еліміздегі жəне əлемдегі жаңалықтар жайында толық мəліметті таба аласыз. Instagram-дағы Kaz.tengritravel.kz-ке қосылыңыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная