Түркияда ұшақ жолаушылары арасында сұраныс артып отырған қызмет көрсетіле бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com/silverstylus © pixabay.com/silverstylus

Жолаушылардың көбінің кішкене баласы бар адамдармен көршілес отырып қалғанда көңілі түсіп кетеді. Осыған байланысты түркиялық Corendon әуе компаниясы ерекше жайлылықты қалайтындарға "тек ересектерге арналған" орындар ұсына бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Жолаушылардың көбінің кішкене баласы бар адамдармен көршілес отырып қалғанда көңілі түсіп кетеді. Осыған байланысты түркиялық Corendon әуе компаниясы ерекше жайлылықты қалайтындарға "тек ересектерге арналған" орындар ұсына бастады, - деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі Euronews басылымына сілтеме жасап.

Компания басшылығы рейстердің бірінде "сәбилер болмайтын" арнайы аумақ ашқаны туралы жариялады. Мұндай орындар тек 16 жастан асқандарға ғана беріледі.

"Чайлд-фри-аумағы" ұшақтың алдыңғы жағында болады: 93 орын ұшақтың қалған бөлігінен пердемен бөлінген. Мұндай орынға отыру үшін жолаушылар 45 еуро артық төлеу қажет. Бұл қызмет 2023 жылдың қарашасынан бастап Амстердам мен Кариб теңізіндегі Кюрасао аралы аралығындағы бағытта қолжетімді.

Фото: unsplash.com

Компанияның негізін қалаушылардың бірі Атилай Услудың сөзінше, бұл қызмет ұшу кезінде тыныштықты қалайтындардың қалауын қанағаттандыруға арналған. Сондай-ақ, сәбилі жолаушылар да өзгелерге қиындық тудырамын деп алаңдамайды.

Сонымен қоса, Corendon рейстер қонатын бірнше пункте, оның ішінде Кюрасао, Бодрум және Ибица бар, тек ересектерге ғана арналған қонақүйлер де ұсынып отыр. Бұл азаматтық авиация тарихында алғаш болып тұрған жоқ. AirAsia X әуе компаниясының ұзақ рейстерінде 12 жастан асқандарға ғана арналған орындар бар. Сингапурлік Scoot лоукостерінде де осындай аумақ бар.

"Сәбилерсіз орындары бар" рейстерге сұраныстар да жылдам артып жатыр. Redfield & Wilton Strategies зерттеу компаниясы жүргізген сауалнама кезінде 1500 ересек - бұл жолаушылардың 60 пайызы - мұндай бастаманы қош көрген. Ал жолаушылардың 27 пайызы қарсы болса, 14 пайызы қандай жауап берерін білмеген екен.

Саяхат қызықтары мен пайдалы ақпаратты Instagram және Facebook парақшаларынан оқи аласыз!

TengriTravel
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная